Жеткізу туралы шарт Алматыдағы Falcon EuroBus компаниясы мен пәкістандық QCC International арасында бекітілді. Келісімге сәйкес, алғашқы электробустарды 2026 жылдың сәуір айында жеткізу жоспарланып отыр.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл жоба Қазақстанның машина жасау саласының экспорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, экологиялық таза көлікті дамыту бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты да күшейтеді. Ал 2027-2028 жылдары Пәкістанға экспортталатын автобустар көлемін 2 мың бірлікке дейін ұлғайту көзделген.
Сарапшылар бұл келісімді отандық өндіріс үшін маңызды серпін деп бағалайды. Өйткені жоба Қазақстанда шығарылатын жоғары технологиялы өнімнің шетелдік нарықта сұранысқа ие екенін көрсетіп, ел экономикасының әртараптануына үлес қоспақ.