Ауа райы • Бүгін, 14:47

Тұман, көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5-7 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұман, көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, алдағы күндері қар аралас жауын-шашын, көктайғақ, тұман және екпінді жел күтіледі. Ел аумағына оңтүстік-батыс ауа массаларының келуіне байланысты күндізгі температура келесідей көрсеткішке дейін көтеріледі:

  • Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда: -3...+2 градус;

  • Оңтүстікте: +8...+17 градус;

  • Оңтүстік-шығыста: +5...+15 градус.

Бірақ аптаның соңына қарай жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады деп болжанған.

Еске сала кетейік, бүгін республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде ауа райы күрт нашарлайды.

Соңғы жаңалықтар