Аймақтар • 02 Ақпан, 2026

«Жасыл аймақ» басшылығы неліктен жұмысшылардың ақысын төлемеген?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жасыл аймақ» басшылығы неліктен жұмысшылардың ақысын төлемеген?

Фото: Ашық дереккөз

Нәтижесінде 548 жұмысшыға жалпы сомасы 28 710 432 теңге еңбекақы төленбегені анықталды. Аталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оның нәтижесінде еңбекақы толық көлемде төленді. Осылайша, қызметкерлердің кепілдендірілген еңбек құқықтары қорғалды.

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жалақысынан заңсыз салық ұсталған

Сонымен қатар анықталған заңбұзушылықтар үшін мекеме басшысы мен бас есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ауруханадағы 1040 қызметкердің жалақысы төленбеген

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар