Фото:depositphotos.com
Айдың бірінші онкүндігінде елдің батысы мен солтүстік-батысында, соның ішінде Ақтөбе облысында ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде термометр бағаны –23-28 градусқа, күндіз –15-23 градусқа дейін төмендейді. Онкүндік соңына қарай аяз әлсіреп, түнде –10-20, күндіз 0-8 градус шамасында болады.
Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында қысқа мерзімді жылыну болжанып отыр. Түнгі температура –15-25 градустан –2-10 градусқа, ал күндіз –5-13 градустан +4 градусқа дейін көтеріледі. Онкүндіктің соңында қайтадан суытады: түнде –18-28, күндіз –13-20 градус болады.
Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы құбылмалы болады. Түнде –5 градустан +5 градусқа дейін, кей жерлерде –11 градусқа, ал Қызылорда облысының солтүстігінде –18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +3-10 градустан +8-17 градусқа дейін жылып, кейін 0-8 градусқа дейін төмендейді.
Синоптиктер Қазақстанның тоғыз қаласында ауа ластанатынын ескертті
Жалпы алғанда, ақпан айындағы ең суық күндер елдің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында айдың бірінші және екінші онкүндігінде күтіледі. Түнде ауа температурасы –21-30 градусқа, ал шығыстың таулы аймақтарында –35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз –13-20 градус аяз сақталады.
Республиканың оңтүстік жартысында ай бойы түнгі температура –5 градустан +5 градусқа дейін, кей жерлерде –15 градусқа дейін ауытқиды. Күндіз +10 градустан +8-17 градусқа дейін жылынады.
Синоптиктер сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болып және жел күшейетінін ескертеді.