Аймақтар • Бүгін, 09:27

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздің  тасжолдарындағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632-718 шақырым аралығында (Шетпе ауылы – Жетібай ауылы учаскесі) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Жолды ашудың болжамды уақыты – 2026 жылғы 1 ақпан, сағат 11:00.

Сондай-ақ Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолындағы көлік айрығының аралық құрылымындағы шеткі арқалықтардың зақымдалуына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Соңғы жаңалықтар