Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде ғимаратты қалың түтін басқаны анықталды.
«Ғимараттың бірінші және екінші қабаттарындағы жиһаздардың жануы 80 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің бүкіл ғимарат аумағына таралуына жол берілген жоқ», делінген қалалық ТЖД хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.