Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде патриотизм нақты істерде және әркімнің жеке жауапкершілігінде көрінеді. «Таза Қазақстан» сияқты бастамалар арқылы қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қалыптасады.
Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясына қатысу арқылы миллиондаған азамат экологиялық бастамаларға ерікті түрде қатысады.
Мысалы, 2025 жылы акцияға 6,5 миллионға жуық азамат қатысты, ал @tazaqazbot платформасы арқылы 24 мыңнан астам өтінім түсті.
Сонымен қатар, 2025 жылы акция шеңберінде бүкіл ел бойынша 1 250 экологиялық іс-шара өткізілді. 18 миллионнан астам ағаш отырғызылса, 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылған. Оған қоса, 800 мың тоннадан астам қалдық жиналған.