Сурет: vesti.kz
Дәл осы жарыс 2023 жылдың ақпан айында Астанада дүркіреп тұрып өткен еді. Сол кезде жерлестеріміз 12 (6 алтын, 3 күміс, 3 қола) медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Қазақ елінің өрендері Жапониядан (6+5+4) кейінгі орынды иеленді. Арқа төсінде мақтаулы Қатар (2+4+2), Қытай (2+2+6), Өзбекстанның (2+1+1) алдын орап кетті. Десек те, бұл отандастарымыздың ең үздік нәтижесі емес. 2006 жылы Таиландтың Паттаясында одан да жақсы нәтиже көрсеткен. Жарысты еліміздің құрамасы 18 (7+2+9) жүлдемен қорытындылап, командалық сайыста жеке-дара көш бастады. Тай елінде Қытай (6+4+2), Жапония (4+2+0) секілді алпауыттар қанша арпалысқанымен, алдымызға түсе алмады.
Тяньцзиньде өтетін жарыстың әйелдер сайысында Ольга Сафронова (60 метр), Юлия Башманова (60 метр кедергілермен), Аделина Земс (400 метр, 4×400 метрлік эстафета), Мария Шувалова (400 метр, 4×400 метрлік эстафета), Анна Шумилио, Кристина Кондрашова (4×400 метрлік эстафета), Милана Зубарева (4×400 метрлік эстафета), Нора Джеруто (1500 метр, 3000 метр), Дарья Миллер (1500 метр), Алина Чистякова (бессайыс), Анна Черкашина (сырықпен секіру), Полина Иванова (сырықпен секіру), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Кристина Овчинникова (сырықпен секіру), Ақбаян Нұрмәмет (800 метр), Екатерина Колода (800 метр, Мария Ефремова (үш қарғып секіру) бақ сынайды.
Ерлер арасында Алмат Төлебаев (60 метр), Виталий Земс (60 метр), Давид Ефремов (60 метр кедергілермен), Эльнор Мұхитдинов (400 метр, 4×400 метрлік эстафета), Андрей Соколов (4×400 метрлік эстафета), Мәди Төкенов (4×400 метрлік эстафета), Михаил Литвин (4×400 метрлік эстафета), Вячеслав Земске (400 метр, 4×400 метрлік эстафета) зор сенім артылып отыр.