25 Наурыз, 2015

Неміс пилоттары Airbus ұшағымен ұшудан бас тартып жатыр

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-03-15-bort-3

АСТАНА. 25 наурыз. Сейсенбі күні А320 лайнері француздың Альпі тауларына соғып, апат болған немістің Germanwings компаниясының ұшқыштары Airbus ұшақтарымен рейс жасаудан бас тартып жатыр. Бұл туралы немістің Spiegel Online басылымы жазды. «Немістің Germanwings авиакомпаинясының Дюссельдорф, Штутгарт және Берлин аэропорттарындағы бірқатар экипаждар Airbus әуе кемелерімен рейстер жасаудан бас тартуда», - делінген мақалада. Бұқаралық ақпарат құралдары жолаушылардың мәліметтеріне сүйене отырып, апатқа ұшыған аэробустың Барселонадан бағыт алып келе жатқан Дюссельдорф қаласындағы аэропортында сейсенбі күні ұшуға дайын тұрғанымен, көптеген ұшақтардың әуеге көтерілмей тұрып қалғандарын жеткізді. Germanwings компаниясының үстінен қарайтын Lufthansa компаниясының өкілі сейсенбі күні шынында да көптеген рейстің орындалмай қалғанын растап, олардың бәрінің «жеке себептерден» болғанын айтты. Айта кетейік, апатқа ұшыраған аэробус зауыттан 1991 жылы шыққан екен. Ол компаниядағы ең көне лайнерлердің бірі болып саналған. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: РИА «Новости».