Фото: Polisia.kz
Зергер тұтынушылардан алтын бұйымдарды жөндеуге немесе әшекей жасау үшін қабылдап алған. Әлгі заттарды кейін ломбардқа өткізіп, түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Polisia.kz мәліметінше, оның кемінде 20 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталып отыр. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден астам.
Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.