АСТАНА. 24 наурыз. Германияның Germanwings авиакомпаниясының француздың Альпі тауларына соғып, апатқа ұшыраған А320 жолаушылар ұшағының бортында қаза тапқан адамдар саны 154-ке жетті. Бұл туралы Германия ұшу қауіпсіздігі қызметі өкілінің дерегіне сүйенген «Вести.Ru» хабарлады.
«Біз бортта 154 адам отырған, олардың 6-ы экипаж мүшелері болған деп шамалаймыз», - деп анықтай өтті ол Deutsche Welle телерадиокомпаниясының эфирінен. Бұған қоса, қаза тапқандардың 2-і сәби, 16-сы мектеп оқушылары екені де айтылып жатыр.
«Бұдан бұрын лайнердің бортында 148 адам болғаны, олардың 142-сі жолаушы, ал 6-ы экипаж мүшелері екенін хабарланған болатын», - деп баяндады ТАСС.
Барселона – Дюссельдорф бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Каталония орталығынан шыққан соң бір сағат өткен кезде Жоғары Прованс Альпісіндегі былайша жетуі қиын Труа-Эвевше таулы жотасының Динь-ле-Бен деген жерге жақын маңында апатқа ұшырады.
A320 аэробусының француз кеңістігіне кірген бойда бірден алған биіктігінен төмендей бастағаны берілген апат дабылы арқылы белгілі болып отыр. Бірақ апатқа нақтылы ненің себеп болғаны әзірге белгісіз.
«Ұшақ радарлар экранынан Барселонет қаласы ауданына кіргеннен кейін жоғалып кеткен», деп хабарлайды «Интерфакс». Бірақ оның бортында нақтылы ненің істен шыққаны белгісіз.
Лайнер баруға қиын аумаққа құлаған. Жергілікті тұрғындардың айтуларынша, ең жақын жолдан ұшақтың қаңқасы жатқан жерге дейін жету үшін кемінде үш сағат уақыт керек болады. Germanwings кампаниясына (Lufthansa–ның еншілес кәсіпорны) қарасты әуе кемесі Барселонадан Дюссельдорфқа ұшып шыққан. Фоанция сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, құлаған ұшақ 1991 жылы шыққан, ол Germanwings авиапаркіндегі ең көне ұшақтардың бірі болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, А320 бортында негізінен Германияның азаматтары отырған. Онда сондай-ақ 45 испан азаматы болуы мүмкін. Бұл ақпарды Испанияның вице-премьері Сорайя Саенс де Сантамария растап берді.
Мұрат Айтқожа.
• 25 Наурыз, 2015
Альпідегі апатта опат болғандар саны 154-ке жетті

Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше