Қоғам • 26 Қаңтар, 2026

Рейстердің себепсіз кешігуі: Депутаттар әуе тасымалына қатысты тұтынушылар шағымын талқылады

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата жолаушылар тасымалы саласындағы авиациялық қызмет және авиациялық қызмет көрсету мәселелерін талқылады. Депутат Айдос Сарымның төрағалығымен өткен отырысқа Мәжіліс төрағасының орынбасарлары Альберт Рау мен Дания Еспаева қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Рейстердің себепсіз кешігуі: Депутаттар әуе тасымалына қатысты тұтынушылар шағымын талқылады

Жиынды жүргізген Айдос Сарым әуекомпаниялары мен әуежайлардың қызметі бойынша тұтынушылардан көптеген шағым түскенін атап өтті. Олар рейстердің себепсіз кешігуі, қолжетімді орындарға қарағанда билеттердің көп сатылуы, артық брондау (овербукинг) мәселелеріне байланысты.

Отырыста баяндама жасаған Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева өткен жылдың қорытындысында еліміздің әуежайлары 31,8 млн жолаушыға қызмет көрсеткенін, оның ішінде 15,4 млн жолаушыны отандық әуе компаниялары тасымалдағанын хабарлады. Қазіргі таңда ішкі әуе тасымалдары 42 бағыт бойынша жүзеге асырылып, аптасына 643 рейсті қамтиды. Халықаралық әуе қатынасында 30 ел мен 135 бағытта аптасына 626 рейс жасалады.

6

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Ғалым Байтоқ та өз ұстанымын айтты. Ол ішкі рейстерде қайтарымсыз билеттерге тыйым салуды немесе оларды кепілді қайтаруды, не болмаса ұшу күнін тегін өзгерту тетіктерімен алмастыруды ұсынды. Сондай-ақ ел ішіндегі лоукостерлерді, аз жолаушылы және жеңіл коммерциялық авиацияны дамыту, сондай-ақ маршруттық желіні тек ірі хабтар мен облыс орталықтарына ғана тәуелді болмайтындай етіп қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Әуе тасымалы: Жолаушы жайын кім ұғар?

Еуразиялық Тұтынушылар Одағы басқармасының төрағасы, Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Светлана Романовская да бірқатар ұсынысын ортаға салды. Ол «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң толық ақпарат алу және шығындарды өтеу құқығын нақты бекітетінін атап өтті. Алайда азаматтық авиация саласында бұл нормалар көбіне тек қағаз жүзінде қалады да, салалық ережелердің ықпалы күштірек болып кетеді. Оның айтуынша, осыған байланысты айналымдық айыппұлдарға көшу, үш сағаттан астам кешігу кезінде өтемақыны автоматтандыру және тағы басқа жүйелі шараларды енгізу қажет.

Вице-министр: Әуе билеттерін толық қайтару – бағаны шарықтатады

Жауап ретінде әуе компанияларының өкілдері – «Air Astana» АҚ аға вице-президенті Ерболат Байсалықов пен «QAZAQ AIR» АҚ басқарма төрағасы Әділбек Өмірәлиев сөз сөйледі. Сонымен қатар, азаматтық авиация жүйесін және салалық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарын Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Анас Бакқожаев және Ирина Смирнова, сарапшы Наталья Молярчук, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті Зауреш Батталова, сондай-ақ Қоғамдық палата мүшелері мен отырысқа қатысушылар айтты.

Ұсыныстар мен сараптамалық пікірлер жүйелендіріліп, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңартылған заң жобасы бойынша жұмыс тобына жолданатын Қоғамдық палатаның қорытынды ұсынымдарына енгізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар