Фото: Anadolu Ajansi
Ақ үй басшысының айтуынша, «Дезориентатор» (The Discombobulator) деп аталатын құрылғы операция барысында шешуші рөл атқарып, Қытай мен Ресейде жасалған венесуэлалық әскери техниканы істен шығарған.
Конгрестің келісімінсіз Венесуэлаға шабуылдауға болмайды: Сенат Трампқа шектеу қойды
Трамп бұл мәлімдемені CNN арнасының АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі «гаван синдромын» туындатуы мүмкін құрылғы сатып алғаны жөніндегі хабарларынан кейін жасады. «Гаван синдромы» алғаш рет 2016 жылы Кубадағы АҚШ Елшілігінің қызметкерлерінде тіркелген. Ол құлақтағы шу, бас айналу, бастың қысым мен діріл сезінуі секілді белгілермен сипатталады. Кейбір болжамдарға сәйкес, мұндай симптомдар микротолқынды сәулеленудің әсерінен пайда болуы мүмкін.
Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп мәлімдеді
New York Post келтірген операция куәгерлерінің айтуынша, қарудың әсері ерекше болған. Венесуэла президенті күзетшілерінің мұрнынан кенет қан кетіп, кейбірінің қан құсып, қатты әлсірегені байқалған. Куәгерлердің бірі мұны «өте қуатты дыбыстық толқын» деп сипаттап, «бас іштен жарылып кеткендей әсер болды» деген.
Венесуэла Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, операция кезінде 83 адам қаза тапқан. Ал Дональд Трамп New York Post басылымына берген түсініктемесінде «Дезориентатордың» жұмыс істеу тетігі туралы қосымша мәлімет беруден бас тартқан.