Биыл оңтүстікқазақстандық мектеп бітірушілер білім деңгейі жағынан біршама ілгеріледі. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2014 жылы ұлттық бірыңғай тест тапсырудан облыстың орташа балы 74,5 пайыз болса, биылғы сынақта 78,7 пайызға жеткен. «Алтын белгіге» үміткерлердің 2014 жылы 38,5 пайызы ғана өз білімін растай алса, биылғы үміткер 1084 оқушының 56 пайызы дәлелдеген. Нақты таразылап айтар болсақ, соңғы төрт жылдың қорытындысы бойынша облыстың орта балы 11,8 ұпайға жоғарылап, «Алтын белгі» саны 369 оқушыға артқан.
Осындай жақсы көрсеткіштерге байланысты Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов республика бойынша ҰБТ-ны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізгені әрі жоғары көрсеткішке ие болғаны үшін облыс әкімі А.Мырзахметов пен өңірдегі педагогтарға Алғыс хат жолдады.
«Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте облыстық бiлiм, жастар саясаты және тiлдердi дамыту басқармасының басшысы Альбина Елшиева түрлі позициялар бойынша сынақ нәтижелерін жіліктеп берді.
Альбина Балғабайқызының айтқанындай, жыл сайын өз күшіне сеніп ҰБТ тапсыруға талпынатындардың қатары көбейіп келеді. Мәселен, өткен жылы 68,8 пайыз оқушы ғана сынақ тапсыруға бел байласа, биыл олардың қатары 71 пайызға артқан. Бұған қосымша 96 оқушы халықаралық олимпиада және ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпазы ретінде ҰБТ тапсырудан босатылған.
Ерекше атап айтатын жайт, Мақтаарал ауданындағы Б.Момышұлы мектеп-гимназиясы – 35, Түркістан қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты – 26 «Алтын белгі» алды. Жалпы аудан, қалалардың көрсеткіштері өткен жылдармен салыстырғанда жоғары болғанымен Сайрам ауданы 1,9 балға төмендеп отыр. Жоғары көрсеткіш Кентау (99,1), Созақ (86), Түркістан (85) қала, аудандары болса, Сайрам (67,1), Сарыағаш (70,4) аудандары төмен нәтижеде қалды. Түлкібас ауданындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты бітіруші Лаура Абдазимова 125 балл алып, республикада ең жоғары деңгейден көрінді. Былтыр 124 балды бірде-бір оқушы ала-алмаған болса биыл 5 оқушы осы көрсеткішке жетті. 123 балды 22 оқушы жинады.
– Елбасы жастарымыздың білімді болуына ерекше мән беріп, барлық жағдайды жасап отыр, – дейді Альбина Елшиева. – Өйткені, білімді ұрпақ – Қазақстанның кемел келешегі. Мемлекет басшысының талабын облыс әкімі Асқар Мырзахметов педагогтарымызға әрдайым түсіндіріп, білім саласындағы жаңа көкжиекке шығуға ынталандырып отырады. Сондықтан, бұл – біздің ортақ жеңісіміз.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
ШЫМКЕНТ.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше