Білім • Кеше

Үйірмеде жасөспірімдерге пойыз басқару үйретіледі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда «Жас теміржолшы» үйірмесіне жыл сайынғы қабылдау басталды. Сабақтарға 12-16 жас аралығындағылар тегін қатыса алады. Сабақтар аптасына 2-3 рет өтеді, бұл сыныптардың толымдылығы мен оқушылардың жасына байланысты анықталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үйірмеде жасөспірімдерге пойыз басқару үйретіледі

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Дәл кесте топтар жинақталғаннан кейін жарияланады. Үйірмеге Орталық саябақтағы және Сұрыптау станциясындағы (қала маңындағы) филиалдарда қатысуға болады.

Сабақтарды Орталық саябақтағы балалар теміржолында тәжірибесі бар зейнеткер машинистер жүргізеді.

Оқыту теориялық бөлімнен басталады. Жасөспірімдерге балалар теміржолының тарихы, теміржол трассаларының түрлері, паровоздар, электр пойыздар мен дизель локомотивтердің жұмыс істеу принциптері таныстырылады. Жаз мезгілінде Орталық саябақтағы балалар теміржолы ашылғаннан кейін, оқушылар алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдану мүмкіндігіне ие болады.

«Жас теміржолшылар кондуктор рөлінде өзін сынай алады: станцияда жұмыс істейді, пойызды сумен қамтамасыз етеді, май деңгейін тексереді. Сонымен қатар, жетекшілердің қадағалауымен оқушылар нағыз пойызды басқаруды да үйренеді.

Қабылдау тәртібі, сабақ кестесі және басқа да талаптар бойынша толық ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: (8-7212) 78-55-40», делінген Қарағанды облысы әкімдігі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар