25 Наурыз, 2015

Елбасы Германия канцлеріне ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

0000-akorda_1

АСТАНА. 24 наурыз. Елбасы Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың сайтына сілтеме жасаған egemen,kz хабарлады. Жеделхатта Қазақстан Президенті ұшақ апатының салдарынан Германия азаматтарының қаза болғандығы туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Федералдық канцлерге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына көңіл айтты.