Соның ішінде паралимпиадалық бағыттағы жеңіл атлетика, жүзу, отырып ойнайтын волейбол, пауэрлифтинг, үстел теннисі, парадзюдо, оқ ату, арбадағы теннис, голбол, бочча, паратаэквондо сияқты түрлерімен қатар сурдолимпиадалық түрлері бойынша футзал, күрес, дзюдо, бадминтон, шахмат, үстел теннисі, жүзу, таэквондо қамтылған.
Ашық спорт алаңдарын қоспағанда осы кешенде күніне 500 адам өздері таңдаған спорт түрлерімен шұғылдана алады. Жобаның жалпы құны – 3,2 млрд теңге. Бас мердігер – «Интерстиль» ЖШС. Samruk Kazyna АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын «Samruk – Kazyna Trust» корпоративтік қоры спорттық жабдықтар алуға демеушілік көрсетті. Кешенде 106 жұмыс орны ашылды.

Ақтөбе облысында мүгедектігі бар 27 мың ересек, 5 мыңнан астам бала бар. Солардың ішінде 1 899 адам спортпен тұрақты түрде шұғылданады.