Сурет: freepik.com
Алайда жыл сайын аталған бағдарламамен сәби сүйген әйелдер санының азайғаны байқалады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне қарағанда, 2021 жылы – 154, 2022 жылы – 131, 2023 жылы – 98, ал 2024 жылы 84 әйел ана бақытына бөленіпті.
«Былтыр «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ процедурасынан өткен 44 әйелдің жүктілігі тіркелді. Қазір аталған бағдарламаға қатысқан әйелдердің көпшілігі дәрігерлердің тұрақты бақылауымен емдеу, оңалту кезеңінен өтіп жатыр», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Ал облыстық перинаталдық орталықта 36 жастағы әйел алтыншы перзентіне жарық өмір сыйлады. Бір ерекшелігі, сәбидің салмағы – 5,8 кг, бойы 61 сантиметр. Оның салмағы мен бойы өңірдегі орташа статистикалық көрсеткіштен жоғары екені тіркеліп отыр.
Жүкті әйел бастапқыда орталықтағы жүктілік патологиясы бөлімшесіне жатқызылды. Ультрадыбыстық зерттеу қорытындысымен сәбидің салмағы шамамен 6,5 кг болуы мүмкін екеніне болжам жасалды. Мұндай салмақтағы сәбиді ота арқылы аман алып қалуға болады. Сол себептен, жүкті әйелге кесарь тілігімен ота жасауға шешім қабылданды.
«Ота сәтті өтті. Ана мен бала дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынды. Қазір олардың жағдайы жақсы», деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.
Атырау облысы