24 Наурыз, 2015

Бокс. Жанқош Тұраров қарсыласын 7-раундта ұтты (видео)

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-03-15-turarov-1

АСТАНА. 24 наурыз. Кеше түнде қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Колумбияның Баранкилья қаласында жергілікті атлет Дунис Лианмен шайқасып, 7-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл туралы Boxingnews.kz хабарлады. Біздің жерлесіміз ұрыстың бірінші раундынан басым көрінді. Ол екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта шаршы алаңдағы жағдай теңескендей болды. Бірақ 4, 5-раундтарда Жанқош аздаған басымдықпен артық көрінді. Ол 7-раундта колумбиялықты тағы бір рет нокдаунға жіберді. Содан кейінгі раундта қазақстандықтың қарша жауған соққысынан кейін рефери шайқасты тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, 24 жасар спортшымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Еске сала кетейік, осы күні тағы бір қазақстандық боксшы - Қанат Ислам да колумбиялық боксшымен – Орландо Де Хесус Эстрадамен кездесіп, нокаутпен ұтқан болатын. Дамир Қожамқұл. https://youtu.be/end7Q-MHWYA