Саясат • Кеше

Respublica саяси модернизацияны қолдайды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Respublica партиясы Мемлекет басшысының саяси модернизация бағытын толық қолдайтынын мәлімдеді. Партия өкілдері реформалар мемлекет пен азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуі тиіс, өзгеріс иллюзиясын тудырмауы керек деген пікірде, деп жазады Egemen.kz.

Respublica саяси модернизацияны қолдайды

Фото: Ақорда

Партияның мәлімдеуінше, Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси модернизация бағытындағы реформалар - мемлекеттің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Олар өз кезегінде билік институттарының жауапкершілігін күшейтіп, қоғамдағы әділет, тәртіп пен есептілік талаптарына жауап береді.

«Мемлекет басшысы ұсынған бір палаталы Парламентке көшуді Respublica логикалық қадам деп санайды. Себебі, онда заң шығару жылдамдығы мен сапасы артады, депутаттардың жеке және партиялық жауапкершілігі күшейеді, функциялардың қайталануы жойылады. Мұнда маңыздысы депутаттар саны емес, кәсіби деңгейі, ашықтығы мен қоғаммен нақты байланысы», делінген партия мәлімдесінде.

Сондай-ақ, партияның Саяси партиялардың рөлін күшейтуде 5пайыздық сайлау барьерін сақтап, пропорционалды жүйені қолдайтыны айтылған. Бұған қоса, Парламентте арнайы квоталардан бас тартып, Парламент – әкімшілік тағайындаулар алаңы емес, идеялардың сайысы алаңы болуы тиіс.

Елдіктің жауапты кезеңінде бірлік пен байыптылық маңызды

Ал Халық Кеңесі - институционалдық диалог институты, радикализация мен көшедегі қысымды азайтатын механизм екені айтылған, оны партия ұзақ мерзімді шешімдер қабылдаудың құралы ретінде қолдайды. Мұндағы сенімнің негізгі факторы – Халық Кеңесінің нақты ықпалы мен жұмыс ашықтығы.

«Respublica Вице-президент институтын - басқару жүйесінің тұрақтық элементі, билік өкілеттігінің сабақтастығы құралы, дағдарыс жағдайында басқару мүмкіндігін арттыру тәсілі ретінде қарайды. Партия үшін Вице-президент өкілеттіктерінің Конституциямен нақты белгіленуі принципиалды», делінген партия мәлімдемесінде.

Партия прагматикалық тәсілді толық қолдайтынын атап өтеді. Мұндағы басты назарды энергетикалық тәуелсіздікке аударып, көмір, газ, ГЭС реализмге бағытталып, инфрақұрылым – өсу негізі болуы тиіс деп есептейді. Өйткені энергия, логистика, басқарусыз цифрлық мемлекеттің де, әділ экономиканың да болуы мүмкін емес.

Respublica саяси модернизацияның тереңдеуін қолдап, кез келген өзгеріс нақты есептілік, ашықтық пен азаматтық мүдде қорғалуымен жүруі тиіс деп есептейді. Партия заңнамалық бастамаларды жетілдіруге белсенді қатысуға және жаңа саяси архитектурада әділетті, мықты әрі тұрақты Қазақстан мүддесі үшін жұмыс істеуге дайын.

Басқару жүйесіндегі ауқымды өзгерістер

Соңғы жаңалықтар