24 Наурыз, 2015

Платини УЕФА президенттігіне үшінші рет сайланды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-03-15-platini-1

АСТАНА. 24 наурыз. Бүгін Австрияның астанасы Вена қаласында өткен Еуропа Футбол ассоциациялары одағының (УЕФА) конгресі осы ұйымның басшысын сайлады. Үшінші мерзімге, тағы да төрт жылға президент болып 59 жастағы Мишель Платини сайланды. Бұл туралы «Советский спорт» хабарлады. Айта кету керек, дауыс беруде Платини жалғыз кандидат болды.Конгреске ұйымға кіретін барлық 54 ассоциацияның өкілдері қатысты. Еске сала кетейік, Мишель Платини бірінші рет 2007 жылы УЕФА-ның президенті болып сайланды. Ал 2011 жылы ол екінші мерзімге қайта сайланды. Сол жолы да француз маманының қарсыласы болған жоқ. Дамир Қожамқұл.