24 Наурыз, 2015

Оралдағы Наурыз мерекесінде Қазақстан туы көрінген жоқ

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-03-15-nauryz-1

АСТАНА. 24 наурыз. Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласында кешегі Наурыз мерекесін тойлау кезінде көшелерден еліміздің бірде-бір туы көрінбеген. Мұның  есесіне, көрші елдің – Ресейдің жалаушалары әр сауда орындарының төбесінде желмен ойнап, желбіреп тұрған. Бұл туралы жергілікті «Уральская неделя» газетінің дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады. Облыстағы «Ақсай порталы» атты сайт осындай деректерін келтіре отырып, мұның нені білдіретінін сұрайды. Ресурс тілшісі бұл бойкүйездік мемлекеттік символды заңсыз пайдаланудан қорыққаннан шыққан ба, деген сұрақ қояды. Ал ras.kz «Орал қашаннан бері Ресейдің жері болған?» деген сұрақты қабырғадан қояды. Расында да Ресейдің жалаушалары Қазақстан жерінде қайдан жүр? Оларды мұнда сатуға кім рұқсат берген? Бұл әлде насихаттың бір түрі ме? Оқырмандар қазір осындай сұрақ қойып отыр. Құрыш Нұрымбет.