24 Наурыз, 2015

Францияда бортында 148 адам болған ұшақ апатқа ұшырады

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-03-15-bort-1

АСТАНА. 24 наурыз. Бүгін Францияда бортында 148 адам келе жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы шет елдер БАҚ-тары хабарлап жатыр. «Airbus 320 ұшағы Францияның оңтүстігінде құлады», - делінген келесі хабарламада. «Францияның түстік беткенйінде апатқа ұшыраған Airbus 320 ұшағының бортында 142 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған», - делінген тағы бір ақпарда. Мұның алдында Францияның оңтүстік жағында Дюссельдорфтан Брюссельге ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының жерге құлағаны туралы хабарлама жасалған. Белгілісі, апат болардың алдында экипаж әуе кемесінің дабылын беріп үлгерген. А320 – орташа қашықтықтағы авиажеліге лайықтанған орта сыйымдылықтағы ұшақ. Аталмыш маркалы лайнердің қатысуымен болған соңғы инцидент өткен жылғы желтоқсанда тіркелген. Сол жолы борт ұшып шыққанына 42 минут болған кезде Явань теңізіне құлап түскен. Нәтижесінде бортта болған 162 адам қаза тапты. Жалпы алғанда, пайдалануға қосылғалы бері А320 маркалы лайнердің 28-і осындай апатқа ұшыраған екен.  «Армян әуе жолдарына» қарасты сондай бір ұшақ 2006 жылғы 3 мамыр күні Адлер аэропортына қонар кезде жерге ұрды. Қона алмай, екінші айналым жасап келе жатып құлаған әуе кемесінің салонында 113 адам болған. Олардың барлығы да қаза тапты. Мұрат Айтқожа.