Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Термо шам

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай 2030 жылға қарай термо­ядролық энергиядан алынған «ал­ғашқы шамды» жағуды жоспарлап отыр.

Термо шам

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қытайда басқарылатын термоядролық синтез саласындағы жұмыс қарқынды түрде ілгерілеп келеді. Ел билігі мен Хэфэй қаласындағы ғылыми орталықтың инже­нерлері салынып жатқан «BEST» атты аса өткізгіш токамак қондырғысы 2030 жылға қарай термоядролық реакциядан таза энергия шығарып, электр қуатын өндіре алуға тиіс екенін мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, егер жоспар жүзеге асса, бұл тек Қытай үшін емес, бүкіл әлемдік энергетика саласы үшін маңызды бетбұрыс болмақ. Термоядролық энергия экологиялық таза, қауіпсіз әрі сарқылмайтын қуат көзі ретінде болашақ энергетиканың негізгі тіректерінің бірі саналады.

 

Соңғы жаңалықтар