Оқиға • 19 Қаңтар, 2026

Солтүстік Қазақстанда өртенген үйден баланың мәйіті табылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысын Ольшанка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапты. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда өртенген үйден баланың мәйіті табылды

Фото: gov.kz

Оқиға туралы хабарлама 18 қаңтар күні кешке түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен сәтте тұрғын үй толық отқа оранып, шатыры опырылып түскен. Өртті сөндіру барысында департамент қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапты.

2025 жылы ел аумағында қандай алапат өрт оқиғалары тіркелді?

«Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған», делінген Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

Жеке үйлердегі өрт: Қауіп қайдан төнеді?

Қазір қайтыс болған баланың анасына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұған дейін Павлодар облысы Ертіс ауылындағы жеке үйден өрт шығып, 2 бала қайтыс болғанын хабарлағанбыз. 

Қайғы жұтқан ертістік отбасыға пәтер кілті табысталды.

Соңғы жаңалықтар