Президенттің айтуынша, осы кезең ішінде қоғамда елдің жоғары заң шығарушы органын трансформациялаудың мақсаттары мен міндеттері туралы дұрыс әрі орнықты түсінік қалыптасты. Бұл қоғамдық пікірдің пісіп-жетілгенін және реформаларға деген сұраныстың артқанын көрсетеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында халыққа арнаған Жолдауынан кейін өрбіген қоғамдық пікірталастарды мұқият қадағалап отырғанын жеткізді. Мемлекет басшысы талқылау нәтижелерін, сараптамалық қорытындыларды, ұсынылған конституциялық түзетулердің жобаларын, сондай-ақ азаматтардан келіп түскен бастамаларды жан-жақты зерделеп отырғанын атап өтті.
Тоқаев: Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады
Оның сөзінше, бұл деректер алдағы конституциялық реформаның мазмұнын айқындауда маңызды негізге айналады.