Өшпес даңқ • 16 Қаңтар, 2026

Жетісу гарнизонының әскерилері 102 жастағы майдангерді құттықтады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда Жетісу гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері 102 жасқа толған екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Ысқақ Әбілпейісұлы Құсайыновты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу гарнизонының әскерилері 102 жастағы майдангерді құттықтады

Фото: Қорғаныс министрлігі

Ардагерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды. Естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары ұсынылды. Мерекелік дастарханда майдангер өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, баршаға бейбіт өмір мен береке тілеп, батасын берді.

Қорғаныс министрлігі

Ысқақ Құсайынов 1924 жылғы 14 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл ауданына қарасты Көлбай ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге шақырылып, Қиыр Шығыс майданының Амур әскери флотилиясы құрамында қызмет еткен.

Майдангер марапатталды

Қорғаныс ведомствосының мәліметінше, майдангер  ІІ дәрежелі Отан соғысы, «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Тынық мұхиты флотының ардагері», «Жуков», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен және «Әскери-теңіз флотының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

1947 жылы әскер қатарынан босатылған Ысқақ Әбілпейісұлы педагогикалық училищені тәмамдап, ұстаздық қызмет атқарған.

Майдангер ғалымға құрмет

Соңғы жаңалықтар