Елорда • Бүгін, 09:27

Астанада бос жұмыс орындарын қалай табуға болады?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігі 4 ақпан күні бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтетінін хабарлады. Жәрмеңкеде түрлі салаға тиесілі бос жұмыс орындары ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада бос жұмыс орындарын қалай табуға болады?

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Іс-шара 4 ақпан күні «Астана – Тұран» университетінде өтеді.

Жәрмеңке жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді бір алаңда тоғыстырып, өзекті бос орындар туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. 

Келушілер түрлі салалар бойынша тікелей жұмыс берушілермен сұхбаттасып, еңбек нарығындағы соңғы үрдістермен таныса алады.

Еңбек нарығының ерекше буыны: Өзін-өзі жұмыспен қамту заман талабы ма, әлде амалсыздық па?

Айта кетейік, Астанада бос жұмыс орындарын ұсынатын жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылады. Былтыр Астанада елдегі ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткенін хабарлағанбыз. 

Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға жаңа арнайы салық режимі енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар