Ғылым • 14 Қаңтар, 2026

Асқар Жұмаділдаев: Суперкомпьютер күрделі есепті үш сағатта шығарып береді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, белгілі ғалым және қоғам қайраткері, академик Асқар Жұмаділдаев күрделі математикалық есептерді шешуде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ суперкомпьютерінің қуатын пайдаланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Асқар Жұмаділдаев: Суперкомпьютер күрделі есепті үш сағатта шығарып береді

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аса күрделі есептерді қысқа уақытта шешкен

Ғалымның айтуынша, бұрын бірнеше апта, тіпті айлар бойы қолмен немесе жеке компьютер көмегімен есептелетін аса күрделі алгебралық есептерді ҚазҰУ-дың жоғары өнімді суперкомпьютері қысқа уақытта шешіп берген.

«Тарихқа шолу жасасақ, мен Миттаг-Лефлер институтында жұмыс істеген уақытта компьютерге есептеу бағдарламаларын берсек, оның нәтижесін келесі күні ғана алатынбыз. Себебі күрделі есептерді шешу үшін қуатты компьютер қажет. Қазір өзімде 8 процессордан тұратын қуатты жеке компьютер бар, алгебралық есептерімді соның көмегімен шығарып келдім. Алайда ҚазҰУ суперкомпьютері бұрын апталап есептелетін күрделі тапсырмаларды бар болғаны 3 сағатта орындап берді. Сондықтан бұл орасан зор күш», деді академик Асқар Жұмаділдаев.

Ғалымға ҚазҰУ Суперкомпьютер орталығының мамандары арнайы есептеуге арналған серверлерді бөліп берген және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетеді. Бүгінде А.Жұмаділдаев жоғары технологиялық құрылғының көмегімен басқа да күрделі есептерді есептеу бағытында жұмыс істеп жатыр.

gov.kz

Қазақстан әлемдегі ТОП-100 суперкомпьютер қатарына енді

ҚазҰУ-дың суперкомпьютері – әлемдегі үздік 600 суперкомпьютердің бірі

Айта кетейік, ҚазҰУ-дың суперкомпьютері академиялық бағытта іске қосылған алғашқы жоғары өнімді есептеу кешені және мұндай деңгейдегі жүйе Орталық Азия өңірінде кездеспейді. Өнімділігі – 2000 терафлопс. Әлемдегі үздік 600 суперкомпьютердің бірі. Архитектурасы Intel және NVIDIA компанияларының процессорларынан құралған, қуаты ең заманауи дербес компьютерден 10 мың есе артық. Бұл жүйе күрделі математикалық модельдер мен көпөлшемді есептеулерді жоғары дәлдікпен орындауға, ауа райын болжауға, сондай-ақ жасанды интеллект пен деректерді терең талдау бағытындағы ғылыми және қолданбалы жобаларды тиімді жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді.

Еуропа: алғашқы суперкомпьютер

Соңғы жаңалықтар