фото: gov.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 13 қаңтарда жарияланған құжатқа сәйкес, холдингтің директорлар кеңесінің жаңа құрамы 26 желтоқсанда бекітілген.
Директорлар кеңесіне Премьер-Министр Олжас Бектенов төрағалық етеді. Кеңес құрамына сондай-ақ бірінші вице-премьер Роман Скляр, экономика министрі Серік Жұманғарин, Ерболат Досаев, қаржы министрі Мәди Такиев және өнеркәсіп пен құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кірді. Ал басқарма төрағасы қызметінде Рустам Қарагөйшін қалды.
Айта кетейік, бұған дейін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі «Ұлттық инвестициялық холдинг» мәртебесін алып, атауы өзгертілді.
Ерболат Досаев 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Сонымен қатар, 2025 жылдың желтоқсан айының соңында Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалған.
Еске салсақ, 2025 жылғы 24 мамырда Мемлекет басшысы өз жарлығымен Ерболат Досаевты 2022 жылдың қаңтарынан бері атқарып келген Алматы қаласының әкімі қызметінен босатқан болатын.
Ал қыркүйек айында Президент Жарлығымен Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.