Елорда • 13 Қаңтар, 2026

Крещение рәсімі: Астанада қай орындарда суға түсуге болады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-19 қаңтар күндері Астанадағы барлық православие шіркеуінде Крещение мерекесі рәсімі өтеді. Елорда әкімдігі дәстүрлі шомылу іс-шарасын өткізу үшін қалалық жағажайда (амфитеатр маңында) төрт ойық дайындалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Крещение рәсімі: Астанада қай орындарда суға түсуге болады?

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Аталған күндері крестпен дәстүрлі шеру және жаппай шомылу жоспарланған. 

Суға түсу орындары 18 қаңтар күні сағат 20:00-ден (су маңына жарық орнатылғаннан кейін) 19 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жаппай шомылу да 19 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-ден 19 қаңтар күні сағат 23:00-ге дейін жалғасады.

Діни рәсім кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін Төтенше жағдайлар департаменті құтқару қызметі мен Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Суға түсу орындарында жедел жәрдем бригадалары жұмыс істейді.

Айта кетейік, Астанада LRT жүйесіне қызметкерлерді қабылдау басталды. Ал LRT желісі қыркүйек айында іске қосылатыны хабарланды. 

Сондай-ақ елордалықтар аулаларын жаңартуға өтінім бере алады.

Соңғы жаңалықтар