Спорт • Бүгін, 12:12

«Ертіс» клубының бас бапкері қызметінен кетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан павлодарлық «Ертіс» футбол командасымен 10-ға жуық ойыншы қош айтысқан. Сондай-ақ клубтың бас бапкері мен спорттық директоры да орнынан кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ертіс» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Футбол клубынан хабарлағандай, команданың бас бапкері Ринат Алюетов қызметінен босады.

«Ринат Алюетов пен оның жаттықтырушылық штабы «Оқжетпес» футбол клубы құрамында жұмысын жалғастырады. Осы орайда клуб атынан бас бапкер Алюетов Ринат Мұратұлына және бүкіл жаттықтырушы штабына шын жүректен алғыс білдіреміз! Бірлесе отырып, алдымызға қойылған міндетті орындап, команданы премьер-лигаға шығардық», деп хабарлады клубтан.

Сондай-ақ клуб өкілдері футболшылар Владимир Воменко, Нұрғайни Бурибаев, Әділхан Добай, Мохаммед Енсебаев, Нұрали Елемес, Владислав Васильев, Еркебұлан Тұңғышбаев командадан кеткенін, ал Арман Кеңесов, Мирам Кикбаев пен Темірлан Төребек жалға алу мерзімі аяқталып, өз клубтарына қайтып оралғанын мәлім етті.

«Реал» бас бапкер Хаби Алонсоны қызметінен босатты

Бұған қоса «Ертістің» спортық директоры Константин Горовенко да қызметімен қош айтысқан.

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері белгілі болды

Айтып өтейік, «Ертіс» командасы биыл премьер-лигада ойнайды.

Дастан Сәтпаев баратын клубтың жаңа бас бапкерінің есімі белгілі болды

Соңғы жаңалықтар