24 Наурыз, 2015

Коломойскийдің жақтастары «халық вечесін» жинап жатыр

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-03-15-kolomoys_1

АСТАНА. 24 наурыз. Днепропетровскіде облыс губернаторының жақтастары болып табылатын депутаттар мен саясаткерлер жиын жинап жатыр. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Украина президенті Петр Порошенкомен текетіресте олигарх губернатор Игорь Коломойскийді қолдаушылар Днепропетровскіде «народное вече» шақыруды қолға алды. Мұны Жоғары радада өткен баспасөз мәслихатында Андрей Денисенко жеткізді. Мәнбенің мәліметі бойынша, жиын сәрсенбі, 25 наурыз күні кешкі 19:00 сағатта басталатын болып белгіленген. Еске сала кетейік, мұның алдында Украина парламентіне Днепропетровск облысынан сайланған Андрей Денисенко, Виталий Куприй және Александр Дубинин өздерінің «Петро Порошенко блогы» фракциясынан шығатындарын мәлімдеген болатын. Қазір Днепропетровск облысының губернаторы Игорь Коломойский мен Украина билігінің арасы барынша ушығып тұр. Ол 19 наурыз күні Жоғары радада акционерлік қоғам туралы заңға Украинаның аса бай адамдарының бірінен саналатын Коломойскийді «Укрнафтаға» бақылау жасау құқығынан айыратын өзгерістер енгізілгеннен кейін орын алды. Осыдан кейін Коломойскийдің адамдары ұйымның офисін басып алып, оның сыртын дереу темір шарбақпен қоршап тастады. Олигарх ғимаратты қорғауға қарулы күштерін шығарды. Кейірінек Украина ұлттық гвардиясының екі батальоны Днепропетровскіге бет алғаны белгілі болды. Мұрат Айтқожа.