Қоғам • 13 Қаңтар, 2026

LRT желісі қыркүйек айында іске қосылады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы LRT желісі қыркүйек айында іске қосылады. Енді қала тұрғындары «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан әуежайға дейін 36 минутта жете алады, деп хабарлайды Egemen.kz

LRT желісі қыркүйек айында іске қосылады

Маршрут 18 станцияны қамтиды және Мыңжылдық аллеясы, Ұлттық музей, Министрліктер үйі, «Бәйтерек», Ұлы дала және Мәңгілік ел даңғылдары арқылы өтеді. Желінің жалпы ұзындығы шамамен 22,5 шақырымды құрайды.

Астанадағы LRT-ға қандай мамандар қажет: компания іріктеу жариялады

Жеңіл рельсті көлік жүйесін осы жылдың қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ LRT желісі Қосшы қаласында да салынатыны белгілі болды. Бұл туралы жақында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеген еді. Жобаны келесі жылы аяқтау көзделіп отыр.

LRT құрылысына бюджеттен 300 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды

Аталған жоба Қосшы қаласының тұрғындарын Астананың орталық аудандарымен жылдам қатынаспен қамтамасыз етеді. Қала әкімдігінің пікірінше, LRT жүйесінің дамуы елордадағы көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

LRT-ның ресми іске қосылуына санаулы күндер қалды

Соңғы жаңалықтар