24 Наурыз, 2015

Янукович Севастопольде ұлын жерлеуге қатысты

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-03-15-viktor_ianukovich-1

АСТАНА. 24 наурыз. Украинаның экс-президенті Виктор Янукович кеше кешке Севастопольде ұлын жерлеуге қатысты. Бұл туралы осындағы Свято-Севастополь храмы қызметшісіне сілтеме жасаған «Крыминформ» хабарлады. «Жоқтау кезінде кіші Виктор Януковичтің туған-туыстары, соның ішінде Украинаның бұрынғы президенті үлкен Виктор Янукович, - болды деді храм қызметшісі. – Марқұмның анасы болуы керек, бір әйел қатты жылады. Тағы бір кішкентай бала жүрді, ол ұлы сияқты, тағы бірнеше адам болды, туыстарына ұқсайды». Мәнбенің хабарлауынша, кіші Януковичтің денесі наурыздың 22-нен 23-не қараған түні Бауырластар мемориалдық зиратындағы храмға жеткізілген. Құдайға құлшылық ету шаралары ертеңіне таңертең жүргізілген. Бұдан бұрын Виктор Януковичті жерлеу 25 наурызда Ялтада жүргізілетіні хабарланған болатын. Мұрат Айтқожа.