24 Наурыз, 2015

Қанат Ислам қарсыласын нокаутпен жеңді (видео)

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-03-15-kanat_islam-1

АСТАНА. 24 наурыз. Бүгін түнде WBA Fedelatin версиясы бойынша чемпиондық атағын қорғаған қазақстандық боксшы Қанат Ислам колумбиялық Орландо Де Хесус Эстраданы 4-раундта нокаутпен жеңді. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады. «Орта салмақта өнер көрсетуші қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқойлар рингінде 19-шы рет жеңіс тойын тойлады. Дүйсенбі, 23 наурыз күні 30 жастағы қазақстандық колумбиялық Орландо Де Хесус Эстрада,ға қарсы ұрыста WBA Fedelatin версиясы бойынша чемпиондық атағын қорғады», - делінген хабарламада. Жекпе-жек Колумбияның Баранкилья қаласында өтті. Ұрыстың алғашқы минутынан бастап Қанат қарсыласын соққының астына алды, бірақ ол да бірнеше тура соққы жасай алды. Екінші раундта қазақстандық бәсекелесін кіндіктен төмен ұрып алып, бір ұпайынан айрылды. Үшінші раундта Ислам екі рет колумбиялықты тізерлеп отырып қалуға мәжбүр етті – ол екеуінде де нокдаун алды», - деп жазды басылым. Төртінші раундтың басында Қанат сол қолының қарымымен қарсыласын тағы да рингке ұшырып түсірді. Рефери нокдаун уақытын толық санап шықты. Шайқас қайта жалғасты. Бірақ төреші сәлден кейін ұрысты тоқтатып, қазақ жігітінің жеңгенін жария етті. Осымен Қанат Ислам өзінің 19-шы шайқасын өткізді. Ол бұлардың 16-сында айқасты мерзімінен бұрын аяқтаған. Әзірге бірде-бір рет жеңіліп көрген жоқ. Дамир Қожамқұл. https://youtu.be/S1TMfidv9Po