24 Наурыз, 2015

Порошенко Коломойскийге қарсы соғыс жариялады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-03-15-kolomiets-2

АСТАНА. 24 наурыз. Украина президент Петр Порошенко украин губернаторларын өздерінің «қалтаға салып алған» батальондарынан айыратынын айтты. Бұл туралы «РБК-Украина» хабарлады. Елдің басшысы мұндай мәлімдемені Украина қарулы күштері бригадалары мен батальондары командирлерімен кеңес барысында жасады. «Территориялық қорғаныс жүйесі анық әскери тік көлбеу бойынша бағысыныштылыққа құрылған, сондықтан біздегі бірде-бір губернаторда қалтасында жүретін қарулы күштер болмайды», - деп атап өтті украин лидері. Порошенконың сөзі, шамасы, бәрінен бұрын соңғы кездері өзімен жиі ұстасып қалып жүрген Днепропетровск облысының губернаторы Игорь Коломойскийге бағытталған сияқты. Ресми емес мәліметтер бойынша, тап осы Коломойский украинның бірқатар қарулы құрылымдарына демеушілік көмек көрсетіп тұрады-мыс. Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары оны «Днепр» және «Азов» батальондарына байланысты деп есептейді. Айта кетейік, Порошенко мен Коломойскийдің арасындағы қарым-қатынас өткен аптада «Укрнафта» компаниясы төңірегінде туған жанжалдың аясында қатты шиеленісіп кетті. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: РБК-Украина.