Фото: depositphotos.com
Министрліктің хабарлауынша, заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған тұлғаларға ескерту хаттары жолданып, офлайн және онлайн форматтарда түсіндіру кездесулері өткізілген.
Әлеуметтік желілерде ұтыс ойындарын өткізген аккаунттардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланған.
Хаттама шешімімен келіскен жағдайда құқық бұзушылар айыппұлды өз еркімен төлейді. Келіспеген жағдайда іс сотқа жолданып, белгіленген тәртіппен қаралады.
Еске салайық лотерея операторы емес тұлға лотерея өткізетін болса, жеке тұлғаларға –100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал жеке кәсіпкерлерге – 300 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде осындай құқық бұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 750 АЕК болып белгіленеді.
Депутат заңсыз лотерея өткізетін блогерлерге жазаны күшейтуді ұсынды
Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтан түскен табыс тәркіленеді.