24 Наурыз, 2015

Семей қаласында «Татар қызы-2015» байқауы болды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-03-15-tatar_kyzy_konkurs_1

АСТАНА. 24 наурыз. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында «Татар қызы-2015» байқауы болып өтті. Бұл туралы қаладағы башқұрт-татар бірлестігінің «Ақ Барс» порталы мәліметіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Қызықты шараны №1 орта мектептің мұғалімдері Зүлфия Бехтольд пен Рауфа Нуруллина ұйымдастырды. Конкурсқа жастары 15-17 аралығындағы 7 татар қызы қатысты. Олар өздерін татар тілінде таныстырып, концерттік нөмірлер көрсетті. Бұдан бөлек, қыздар аспаздық өнерді қаншалықты меңгергендерін де танытты. Қорытындыда қазылар алқасы қатысушылар арасында орын бөліп жатпады. Қыздардың барлығы әртүрлі аталымдар бойынша сыйлықтарға ие болды. Мұрат Айтқожа.

23-03-15-tatar_kyzy_konkurs_2