Саясат • 09 Қаңтар, 2026

Өндіріс орындарындағы кездесу

10 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қостанай облысына сапармен барған Мәжіліс депутаттары, «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері Альберт Рау, Екатерина Смышляева және Еркін Әбіл «Цифрлық мемлекет: өңірлік аспект» атты дөңгелек үстелге қатысып, өңірдегі адамдардың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін агроөнеркәсіптік кешендерде, өнеркәсіпте, денсаулық сақтауда, білім беру және байланыс саласында цифрлы шешімдер енгізу бағытындағы жұмыстарды талқылады.

Өндіріс орындарындағы кездесу

Сурет: instagram.com/qostanai_obl_akimdigi

Жиында Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау еліміздің цифрландыру деңгейі бойынша әлемде көшбасшы орынға ие екеніне назар аударды.

– Цифрландыру – мемлекеттің стратегиялық бағыты. Былтыр Мә­жіліс жасанды интеллект туралы заң қабылдады, ол ЖИ техноло­гия­­ларын жауапкершілікпен әрі қауіп­сіз қолданудың негізін қала­ды. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сұхба­­тында айт­қандай, еліміз цифр­­лық дер­жа­ваға айналуға тиіс. Сон­дық­тан Президент 2026 жылды Цифр­ландыру және жасанды ин­теллект жылы деп жария­лады, – деп атап өтті Мәжілістің вице-спикері.

Жұмыс сапары аясында депутаттар қалалық емханаға барып, цифрлық құралдардың жұмысымен танысты.

Мәжілістің вице-спикері, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Дания Еспаева және «Amanat» партиясы фракциясы­ның депутаты Қазыбек Әлішев Ақтөбе қаласындағы гофроқап­тама және стрейч-пленка өндіруді жолға қойған, өңірдегі маңызды өнеркәсіптік жобалардың бірі «Capital Plast KZ» ұжымы­мен кез­­десіп, өнеркәсіп саласын да­мыту және жаңа жұмыс орын­­дарын құру мәселелерін талқылады.

Ұжым алдында сөз сөйле­ген Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мен инвесторларды қолдау мемлекеттік саясаттың басты ба­сымдықтары болып қала бере­тінін атап өтті. Ол «Amanat» партиясының сайлауалды бағдар­ламасын орындау аясында кейінгі үш жылда Ақтөбе облысының өнеркәсіп секторында тұрақты өсім бар екенін еске салды. Атап айтқанда, жалпы сомасы 105 млрд теңгеден аса 20 өнеркәсіптік нысан іске қосылды. Бұл шамамен 2,3 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Ал «Ақ жол» демократиялық пар­тиясының төрағасы Азат Перуашев Қарағанды облысында, өңірдегі бірқатар кәсіпорынды аралап, кездесулер өткізді.

Тұрмыстық химия мен жуғыш заттар өндіретін «WEC Trade» ЖШС-да бас директор Вячеслав Цой өндіріс үдерісімен, шығары­латын өнім түрлерімен таныс­тырып, кәсіпорын мен саланың дамуын­дағы өзекті мәселелер туралы баян­дады. Былтыр жыл соңын­да «Қазақстанның үздік тауары – 2025» Ұлттық көрмесінде «Халыққа арналған үздік тауар» атағына ие болған компания­ның тех­нологтері белгілі италия­лық мамандармен табысты ынты­мақ­тастық орнатып, авторлық рецеп­туралар әзірлеп жатыр екен. Сондай-ақ Procter&Gamble, Henkel және басқа да халықаралық көш­бас­шылармен ішкі нарықта бәсе­келес болуды мақсат етіп отыр.

«Ақжолдықтар» бір ай бұрын іске қосылған «Kaz UnionPlast» полиэтилен құбырлары зауыты» мен «ЦСС-Кабель»-дің де жұмысымен танысты. Кәсіпорын акционері Болат Жұмамбаев пен серіктестік басшылары Бахтияр Абинов пен Бижігіт Қайыржан өндірісті ұйымдастыру барысы мен осы жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді. Олардың айтуларынша, өндірілетін өнімге сұраныстың жоғары болуына байланысты, өндірісті кеңейту жоспарлары да бар.

А.Перуашев әйгілі Qarmet компаниясында Қазақстандағы ең ірі тау-кен металлургия комбинаты басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сырым Семейбаевпен кездесті. Сырым Сайранбекұлы кәсіпорынды ауқымды жаңғырту барысын, алдағы даму жоспарларын, өнім түрлерін кеңейту және ірі машина жасау зауыттарымен өзара іс-қимыл туралы, сондай-ақ Теміртауда өнеркәсіптік кластер құру жобасы жайлы әңгімеледі. Оның айтуынша, жоба локализацияны тереңдетуге, шағын және орта бизнесті қолдауға және елдегі ең ірі металлургиялық кәсіпорын­ның айналасында өнеркәсіп­тік кооперация қалыптастыруға бағытталған. Содан соң Мәжіліс депутаты шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті.

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып, Талды­қорған қаласындағы 18404 әскери бөлімі – 37-десанттық-шабуылдау бригадасының қызметімен танысты. Мұнда жыл сайын 30-дан аса тактикалық және арнайы оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, 500-ге жуық парашютпен секіру жүзеге асырылады. Кездесу барысында Е.Саурықов Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін одан әрі шыңдау, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, баспанамен қамтамасыз ету, медициналық және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту мәселелерінің маңы­зына тоқталды. Депутат осы проб­лемаларды шешуге заң­на­малық деңгейде қолдау көрсету Парламенттің басым міндет­терінің бірі екенін атап өтті.

Мәжіліс депутаттары, «Amanat» партиясы фракциясы­ның мүшелері Руслан Қожасбаев пен Болат Керімбек Жетісу өңірі­не сапары аясында Талдықор­ған қаласындағы бірқатар стратегия­лық маңызы бар өндіріс орнының қызметімен танысты. Сапар барысында өңірдің индустриялық әлеуеті, инвестициялық жобалар­дың жүзеге асу барысы және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері талқыланды.

Депутаттар назар аудар­ған кә­сіп­орындардың бірі – «Талды­қорған Кабель». 2018 жылдан бері электр сымдары мен кабель өнімдерін шығаратын зауытта 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орны ішкі нарықты отандық өніммен қам­та­масыз етуге және өңірдің өнер­кәсіптік әлеуетін арттыруға айтар­лықтай үлес қосып отыр. Нысанның жұмыс барысымен танысу кезінде «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек өндірістің ел экономикасы үшін маңызын атап өтті. Ал Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаевтың айтуынша, өндірістік инфрақұрылымды дамыту – өңірлік өсімнің негізгі факторларының бірі. 

Соңғы жаңалықтар