ПЕТРОПАВЛ. 24 ақпан. Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне қарасты госпитальдың бас дәрігері Александр Петров қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ведомстволық клиниканың басшысы қарамағындағы қызметкерлерге сыйақы жазып, оның бір бөлігін өзіне алып отырған. Оның заңсыз әрекеттерін облыстық прокуратураның қызметкерлері анықтаған.
Бұрынғы бас дәрігер алаяқтық қылықтарын бірнеше мәрте қайталап, бір ізбен жүзеге асырып отырған. Атап айтқанда, кейбір қызметкерлерге ауызша, кейбір қызметкерлерді кабинетіне шақыру арқылы пәрмен беріп, «сыйақыларды» қалтасына салып отырған. Мәселен, 2013 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлерге тағайындалған сыйақының 288 мың теңгесін, Наурыз мерекесі қарсында берілген сыйақының 287 мың теңгесін жамбасына басқан. Сөйтіп, жарты миллион теңгеден астам қаражатты бас пайдасына жаратқан.
Сотта күдікті қылмысын мойындамағанымен, кінәсі толық дәлелденді. Қызмет өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін шартты түрде 5 жылға абақтыға кесілді. Мемлекеттік органдардағы басшылық қызметтен 5 бес жылға дейін аластатылды.
Өмір Есқали.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: i-news.kz.
• 24 Ақпан, 2015
Петропавлда бас дәрігер жарты млн. теңгені бас пайдасына жаратқан

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше