Елорда • 08 Қаңтар, 2026

Астана тұрғындары аулаларын жаңартуға өтінім бере алады

30 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елордада 2026 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Аталған жоба аясында тұрғындар өз аулаларын абаттандырып, жаңартуға өтінім бере алады. Қала әкімдігі өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астана тұрғындары аулаларын жаңартуға өтінім бере алады

Фото: weproject.media

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, «Халық қатысатын бюджет» жобасы азаматтардың бастамаларын қолдауға, аулаларды күрделі жөндеуден өткізуге, гүлзарларды, саябақтарды және өзге де қоғамдық кеңістіктерді құруға бағытталған.

Бағдарлама сараптамалық кеңес құру, өтінім қабылдау, жобалық ұсыныстарды талдау, дауыс беру, қорытынды шығару, жұмыс жоспарын әзірлеу және жобаларды іске асыру сынды 7 кезеңнен тұрады.

Байқоңыр ауданының тұрғындары өтінімдерін аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы – www.baikonyr-astana.kz сайтының «Халық қатысатын бюджет-2025» бөліміне жолдай алады. Ол үшін жоба атауын, сипаттамасы көрсетіліп, эскиз бен сметаны (шамамен болуы мүмкін), аумақтың қазіргі жағдайын көрсететін фотосуреттер де қоса тіркелу қажет. Осы бөлімде жобаның ережелері, үлгілік жобалық ұсыныс, іс-шаралардың мерзімдері және сараптамалық кеңес құрамы да орналастырылған. Өтінім қабылдау 1 наурызға дейін жалғасады.

Алматы ауданында тұрғындардан өтінім қабылдау 5 қаңтарда аяқталды. Қазір түскен ұсыныстарды талдау және тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Дауыс беру 25 қаңтар мен 16 ақпан аралығында өтеді. Ол үшін аудан әкімдігінің сайтында немесе Egov Mobile қосымшасында электронды цифрлық қолтаңба арқылы авторизациядан өту қажет.

аа

Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ойын алаңы ашылды

Сарайшық ауданында өтінім қабылдау 20 қаңтарда басталады. Өтінім қабылдау кезеңінде қатысушылар нақты өзгерістер мен бюджеттік есепті көрсете отырып, абаттандыру жоспарын әзірлеуі тиіс. Дайын жобалар аудан әкімдігінің ресми сайтындағы «Пайдалы сілтемелер» бөлімінде орналасқан «Халық қатысатын бюджет-2025» бөліміне жүктеледі. Техникалық талдау мен тексеруден кейін жобалар дауыс беру кезеңіне өтеді. Жоба бұл ауданда 2025 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы 17 аула жаңартылған. Бір тұрғын тек бір жобаға ғана дауыс бере алады. Жеңімпаздар 40 пәтерге дейін, 100 пәтерге дейін және 100 пәтерден көп үйлердің аулалары сынды 3 санат бойынша анықталады.

Сарыарқа ауданында да өтінім қабылдау 20 қаңтарда басталады. «Халық қатысатын бюджет» жобасы бұл ауданда 2019 жылдан бері табысты іске асырылып келеді. Осы уақыт ішінде тұрғындардың 157 бастамасы жүзеге асырылды. Тек өткен жылдың өзінде 52 аула жаңартылып, оның 36 жобасы тұрғындардың тікелей қатысуымен іске асқан.

Нұра ауданының тұрғындарынан өтінім қабылдау да қаңтар айында басталады. Жоба аясында Астанада жыл сайын 100-ден астам аула жаңартылады. Тұрғындар бағдарламаға қатысу арқылы аулаларын жақсартуға бағытталған жеке ұсыныстарын бере алады.

Астанада ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қабылдау басталды

аа

Есіл ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінім қабылдау 23 қаңтар мен 1 наурыз аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде тұрғындар абаттандыруға қатысты нақты ұсыныстарын және қажетті бюджет есебін көрсетіп, бастамаларын жолдауы тиіс. Жобалар аудан әкімдігінің ресми сайтындағы «Халық қатысатын бюджет-2026» бөлімі арқылы қабылданады. Өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін 5 сәуірге дейін техникалық тексеру және талдау жүргізіліп, келесі кезеңге өтетін жобалар анықталады. Дауыс беру 6-24 сәуір аралығында өтіп, 24-29 сәуірде қорытындысы шығарылады.

2026 жылы Астанада қандай өзгерістер болады?

Ал 4 мамырға дейін сараптамалық кеңес іріктелген бастамаларды іске асырудың басымдықтарын айқындайды. Тұрғындар қолдаған жобаларды іске асыру 2025 жылғы 4 мамыр мен 15 қыркүйек аралығына жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар