Қаржы • 07 Қаңтар, 2026

Елде стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр. 441 -і тізімге енген. Соның 274-і тексерілді. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елде стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр

Оларға 58 жарым миллион теңгедей айыппұл салынды.

Көбінің заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызмет көрсеткені анықталды.

Біразы МӘМС бойынша өрескел қате жіберген. Медициналық көмекті көрсету стандарттарын, лицензиялық талаптарын өрескел бұзғаны да бар.

Мұндай клиникалардың көбі Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелген.

Тексеру жұмыстары мамыр айының соңына дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар