Спорт • 06 Қаңтар, 2026

Джек Шавхатты жекпе-жекке шақырды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай орта салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы Джек Делла Маддалена Шавхат Рахмоновпен айқасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Джек Шавхатты жекпе-жекке шақырды

29 жастағы Аустралия спортшысының аралас жекпе-жекті серік еткелі тура 10 жыл болды. Сол аралықта 21 кездесу өткізген ол 19 мәрте жеңіске жетті.

14 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Джек спорттық карьерасын бастаған бетте екі рет жеңілген. Одан кейін тоғыз жылдан аса уақыт бойы ешкімге дес бермеді. Бірақ былтыр қараша айының бел ортасында ресейлік Ислам Махачевтен ұтылып, чемпиондық белбеуінен айырылды. Бұл күндері Маддалена UFC рейтингінде бірінші орында тұр.

Ал әлі ешкімнен жеңілмеген Шавхат Рахмонов сол тізімде екінші сатыға жайғасты. 31 жастағы қандасымыз 19 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 18 айқасты мерзімінен бұрын аяқтады.

Соңғы жаңалықтар