Заң мен Тәртіп • 06 Қаңтар, 2026

Биылдан бастап жол ережесіне қатысты айыппұлдар өседі

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар шамамен 10 пайызға артады. Жаңа АЕК 4325 теңге болып белгіленді. Осы көрсеткішке байланған барлық әкімшілік айыппұл мөлшері де соған сай көбейеді. Төменде ең жиі кездесетін құқықбұзушылықтар бойынша айыппұл көлемі көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.

Биылдан бастап жол ережесіне қатысты айыппұлдар өседі

Жылдамдықты асырғаны үшін (592-бап)

  • 10-20 км/сағ асыру: 5 АЕК – 21 625 теңге

  • 20-40 км/сағ: 10 АЕК – 43 250 теңге

  • 40-60 км/сағ: 20 АЕК – 86 500 теңге

  • 60 км/сағ және одан көп: 40 АЕК – 173 000 теңге

Рөлде отырып телефон қолдану (591-бап)

  • 5 АЕК – 21 625 теңге

Экологиялық талаптарға сай келмейтін немесе шуы жоғары көлік (334-бап)

  • Жеке тұлғаларға: 10 АЕК – 43 250 теңге

  • Заңды тұлғаларға: 100 АЕК – 432 500 теңге
    Қайталанса:

  • Жеке тұлғаларға: 20 АЕК – 86 500 теңге

  • Заңды тұлғаларға: 200 АЕК – 865 000 теңге

Қауіпсіздік белдігін тақпау, жүк пен жолаушы тасымалдау тәртібі (593-бап)

  • Белдіксіз немесе мотошлемсіз жүру: 5 АЕК – 21 625 теңге

  • Жолаушыны салоннан тыс тасымалдау, терезеден шығару: 10 АЕК – 43 250 теңге

Басып озу және жолда орналасу ережесін бұзу (596-бап)

  • Тротуармен, жаяу жүргінші жолымен жүру: 15 АЕК – 64 875 теңге

  • Қарсы бағытқа шығу: 6 айға дейін жүргізу құқығынан айыру

Тоқтау және тұрақ ережесін бұзу (597-бап)

  • Жалпы жағдайда: 5 АЕК – 21 625 теңге

  • Тротуарға, газонға, балалар немесе спорт алаңына қою: 10 АЕК – 43 250 теңге

  • Инвалидтерге арналған орынға қою: 10 АЕК – 43 250 теңге

  • Ақылы тұрақ үшін төлем жасамау: 1 АЕК – 4325 теңге

Қиылыстардан өту тәртібі (594-бап)

  • Кептелісте қиылысқа шығып, бөгет жасау: ескерту немесе 3 АЕК – 12 975 теңге

  • Арнайы көліктерге жол бермеу: 15 АЕК – 64 875 теңге

Маневр жасау ережесін бұзу (595-бап)

  • Бағыттағыш шамды қоспау: 5 АЕК – 21 625 теңге

  • Рұқсат етілмеген жерде кері жүру: 10 АЕК – 43 250 теңге

Бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту (599-бап)

  • 10 АЕК – 43 250 теңге
    (Ескерту: сары сигнал да тыйым салушы болып есептеледі)

Жаяу жүргіншілерге жол бермеу (600-бап)

  • 10 АЕК – 43 250 теңге

Жол белгілері мен таңбаларын сақтамау (601-бап)

  • 3 АЕК – 12 975 теңге

Апаттық жағдай туғызу (606-бап)

  • 10 АЕК – 43 250 теңге

Теміржол өткелінен өту тәртібін бұзу (607-бап)

  • 20 АЕК – 86 500 теңге

Жол-көлік оқиғасы салдары (610-бап)

  • Материалдық шығын келтірілсе: 25 АЕК – 108 125 теңге

  • Денсаулыққа жеңіл зиян келсе: 40 АЕК – 173 000 теңге немесе 9 айға дейін құқықтан айыру

  • Құқығы жоқ жүргізуші болса: 60 АЕК – 259 500 теңге

Жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету (611-бап)

  • 50 АЕК – 216 250 теңге немесе 1 жылға құқықтан айыру
    (Ескерту: зардап шеккенге медициналық көмек көрсету үшін кеткен адам жауапкершіліктен босатылады)

Құжатсыз немесе жүргізу құқығынсыз көлік басқару (612-бап)

  • Құжатсыз: ескерту немесе 5 АЕК – 21 625 теңге

  • Құқығынан айырылған адам басқарса: 50 АЕК – 216 250 теңге немесе 10 тәулікке қамау

Полицияның тоқтау талабын орындамау (613-бап)

  • 40 АЕК – 173 000 теңге

  • Рұқсатсыз көліктен шығу: 5 АЕК – 21 625 теңге

Мемлекеттік нөмір, техникалық ақау және заңсыз қайта жабдықтау (590-бап)

  • Нөмірі оқылмайтын немесе дұрыс орнатылмаған: 5 АЕК – 21 625 теңге

  • Нөмірсіз немесе тіркелмеген көлік: 10 АЕК – 43 250 теңге

  • Жалған нөмір орнату: 15 АЕК – 64 875 теңге

  • Рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік: 15 АЕК – 64 875 теңге

  • Техбайқаудан өтпеген көлік: 5 АЕК – 21 625 теңге

Соңғы жаңалықтар

Брисбендегі бәсеке

Теннис • Бүгін, 08:15

Қажетті ұсыныстар айтылды

Қоғам • Бүгін, 08:05

Заманауи музей қызметі

Мәдениет • Бүгін, 08:00