Қоғам • 06 Қаңтар, 2026

Ел тұрғындары 2026 жылы неше күн демалады?

60 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2026 жылы ұзақ демалыстар көп болады. Себебі мемлекеттік мерекелердің көбі аптаның бастапқы тұсына немесе соңына сәйкес келіп отыр. Ал ең көп демалыс күндері мамыр айында, деп жазады Egemen.kz.

Ел тұрғындары 2026 жылы неше күн демалады?

Фото: Ашық дереккөз

Қаңтар

Ресми мерекелік демалыс күндері: 1, 2 қаңтар (Жаңа жыл) және 7 қаңтар (Православ Рождествосы). 7 қаңтар сәрсенбіге сәйкес келеді, сондықтан апта ортасында қосымша бір демалыс күні болады. 5 күндік жұмыс аптасында: 6 қаңтар – жұмыс күні, 7 қаңтар – демалыс. Барлығы 12 демалыс, 19 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 7 демалыс, 24 жұмыс күні.

Ақпан

Мерекелік күндер жоқ. 5 күндік жұмыс аптасында: 8 демалыс, 20 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 4 демалыс, 24 жұмыс күні.

Наурыз

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түседі, демалыс 9 наурызға ауыстырылады.

Наурыз мейрамы (21-23 наурыз): 21-22 наурыз сенбі-жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күндері жұмыс күндеріне ауыстырылады: 21-25 күндері аралығында ұзақ демалыс.

5 күндік жұмыс аптасында: 13 демалыс, 18 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.

Сәуір

Мерекелік күндер жоқ. 5 күндік жұмыс аптасында: 8 демалыс, 22 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.

Мамыр

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

9 мамыр – Жеңіс күні: демалыс 11 мамырға ауыстырылады

27 мамыр – Құрбан айт (сәрсенбі)

5 күндік жұмыс аптасында: 14 демалыс, 17 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.

Маусым

Мерекелік күндер жоқ. 5 күндік жұмыс аптасында: 8 демалыс, 22 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.

Шілде

6 шілде – Астана күні (демалыс)

5 күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс, 22 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.

Тамыз

30 тамыз – Конституция күні жексенбіге сәйкес келеді: демалыс 31 тамызға ауыстырылады.

5 күндік жұмыс аптасында: 11 демалыс, 20 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 6 демалыс, 25 жұмыс күні.

Қыркүйек

Мерекелік күндер жоқ. 5 күндік жұмыс аптасында: 8 демалыс, 22 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.

Қазан

25 қазан – Республика күні (ұлттық мереке) жексенбіге түсіп тұр: демалыс 26 қазанға ауыстырылады.

5 күндік жұмыс аптасында: 10 демалыс, 21 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.

Қараша

Мерекелік күндер жоқ. 5 күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс, 21 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 5 демалыс, 25 жұмыс күні.

Желтоқсан

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні (сәрсенбі)

5 күндік жұмыс аптасында: 9 демалыс, 22 жұмыс күні. 6 күндік жұмыс аптасында: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.

Соңғы жаңалықтар