Фото: WANA / Reuters
Иранның рухани жетекшісі отбасымен, оның ішінде ұлы және тағайындалған мұрагері Моджтаба және ең жақын көмекшілерімен бірге Мәскеуді бетке алуы мүмкін.
Әлемдік БАҚ мәліметінше, Әли Хаменеи осы жоспары аясында елдегі, шетелдегі мүлкі мен ақшасын жинауды жоспарлап отыр.
Бүгінде ол Израильдің маусым айында Ислам революциясы Сақшылар корпусының негізгі мүшелерін өлтіріп, Иранның әуе қорғаныс жүйесінің осалдығын әшкерелеген оқиғаның салдарымен күресіп жатыр. Оған қоса АҚШ елдің жерасты ядролық нысандарына соққы беріп, қысымды күшейте түсуде.
Еске салайық, Ирандағы қақтығыстар барысында бірнеше адам қаза тауып, жағдай ушығып тұр.
Иран билігі елде басталған жаппай үкіметке қарсы наразылықтарға жауап ретінде интернетке қолжетімділікті шектеді.
Қақтығыс елдің басым бөлігін шарпып отыр.