Қоғам • 06 Қаңтар, 2026

«Адал полицей»: Ақмолада қызметтік көліктердегі QR-кодтар жаңартылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басталғалы халықтың полиция қызметіне деген сенімін арттыруға және олардың жұмысының ашықтығын, жауапкершілігін, айқындығын қалыптастыруға бағытталған «Адал полицей» кең ауқымды акциясы басталған. Акция аясында Ақмола облысында патрульдік полицияның қызметтік автокөліктерінде, сондай-ақ әкімшілік ғимараттарда орналастырылған QR-кодтар жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Адал полицей»: Ақмолада қызметтік көліктердегі QR-кодтар жаңартылды

Фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, QR-кодтың көмегімен азаматтар нақты уақыт режимінде кез келген құқыққа қайшы әрекеттер, сыбайлас жемқорлық фактілері немесе полиция қызметкерлері тарапынан лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану туралы хабарлай алады.

Сілтеме бойынша өткеннен кейін өтініш беруші автоматты түрде WhatsApp мессенджерінің чатына түседі, онда анықталған заң бұзушылықтар туралы хабарламаны жолдай алады. Халыққа ыңғайлы болу үшін QR-кодтар патрульдік полицияның барлық қызметтік көліктерінде, учаскелік полиция пункттерінде және ішкі істер органдарының әкімшілік ғимараттарында орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар