Фото: Ru.freepik.com
Күдіктілердің заңсыз әрекеті Шымкент қаласы бойынша өңірлік өкіл Нұржан Әбдезовтың азаматтарды қабылдау кезінде әшкере болған.
Қабылдауға келген сотталған азамат 2025 жылдың маусым айында мекеме қызметкерлері азаптағанын айтқан.
Сонымен қатар қабылдау барысында тағы бір сотталғанның соққыға жығылып, салдарынан жақ сүйегінің сынғаны анықталды.
Аталған істерге байланысты өңірлік өкіл жедел түрде тиісті әрекет ету шараларын қабылдаған. Нәтижесінде медициналық көмекті уақтылы көрсетпегені үшін медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартылып, мекеме қызметкерлері тергелген.
Құқық қорғау институты мекеме қызметкерлерінің әрекеттерінде азаптау белгілерінің болуына байланысты олардың әрекеттерін қайта қарау жөнінде жоғары қадағалау органына жүгінген. Бас прокуратура аталған ұстанымды қолдап, өткен жылдың соңында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта саралап, мекеменің үш қызметкері қамауға алынған.
Бұған дейін мемлекеттік құпияны жария еткен Павлодардағы түзеу мекемесінің бастығына қатысты сот үкімі шыққанын жазғанбыз.