Бокс • 05 Қаңтар, 2026

Ел боксшылары Азия чемпионатына дайындықты бастады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркістан облысында 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынына кірісті. Бұл туралы бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Ел боксшылары Азия чемпионатына дайындықты бастады

Фото: ҚФБ

Жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынына 50 спортшы қатысып жатыр. 

Федерация мәліметінше, бұл жаттығу – наурыз айында Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына дайындықтың бірінші кезеңі.

Былғары қолғап шеберлері 20 күн бойы физикалық және функционалдық мүмкіндіктерін шыңдап, алдағы жарыстарға дайындығын пысықтайды.

Бұған дейін федерация боксшылар 2028 жылғы Олимпиадаға АҚШ-та дайындалатынын хабарлаған.

Ал өткен жылдың қорытындысы негізінде World boxing ұйымы ұйымдастырған дауыс беру нәтижесінде Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы атанды.

Сондай-ақ Boxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның 10 үздік боксшысын анықтады. 

 

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40